Қазақстандық футболшының командасы Беларусь чемпионатының матчында жеңіске жетті

Құрамында қазақстандық Владислав Васильев ойнайтын "Динамо Брест" командасы футболдан Беларусь чемпионатының 4-ші турында "Сморгонь" құрамасымен кездесіп, жеңіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz ақпараты бойынша, Брестте өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.
Жеңімпаздар қатарында Артем Быков (43-ші минут) және Иван Зенков (74-ші минут) көзге түсті.
"Динамо" құрамасының жартылай қорғаушысы, қазақстандық Владислав Васильев бастапқы құрамда шығып, алаңда 90 минут өнер көрсетті.
Осылайша, 4-ші турдан кейін "Динамо Брест" бес ұпаймен Беларусь чемпионатының турнир кестесінде сегізінші орынға ие болды.
Бұған дейін футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізетіндігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript