"Қайраттың" жанкүйерлері төбелес шығарып, Милан көшелерінде шеру жасады

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 15:13 Фото: Zakon.kz
Қазақстандық "Қайрат" командасы 6 қарашаға қараған түні Италияның "Интер" клубына қарсы Чемпиондар лигасының сырттағы кездесуін өткізді. Zakon.kz мәліметінше, алматылықтарды қолдау білдіру үшін жүздеген жанкүйер Миланға ұшып барған.

Ойын алдында Қазақстаннан барған жанкүйерлерге Италиядағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген отандастарымыз да қосылды.

Барлығы бірігіп, қайраттықтарға қолдау көрсету мақсатында Милан көшелерімен бейбіт шеру жасап өтті.

Қонақ команда жанкүйерлеріне арнайы бөлінген сектор бұл күні лық толы болды. Қазақстан чемпионының фанаттары, әдеттегідей, сүйікті ұрандарын айтып, клуб гимнін орындап, өз командасын қызу қолдады.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, бейбіт күйдегі жағдай "Интер" екінші голды соққан сәттен бастап жағдай күрделене түскен. Куәгерлердің айтуынша, осыдан кейін итальяндық жанкүйерлер түрлі арандатушылық әрекеттерге барған.

Бұған қазақстандықтар жанкүйерлер төзбей, өзара сөзге келіп, кейін төбелес те орын алған. Алматылық жанкүйерлер жергілікті халықтан қаймықпай, өздерін қорғап қалған.

"Қайрат" құрамасының 1:2 есебімен жеңілгеніне қарамастан, мамандар мен жанкүйерлер дән риза.

Бұған дейін жазғанымыздай, "Мидтьюлланд" құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, Еуропа лигасында жеке көш бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: