Джиу-джитсу: Муслим Арсамаков жасөспірімдер Азиадасында күмістен алқа тақты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Муслим Арсамаков Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
85 келіге дейінгі салмақтың финалында ол Оңтүстік Корея спортшысы Кен Хе Пакпен кездесті.
Шешуші белдесуде Пак жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript