Еркін күрес шебері Ералы Әскербек жасөспірімдер Азиадасында қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ералы Әскербек Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақ балуаны 65 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз шешуші белдесуде қытайлық Чаншин Умен кездесті.
Нәтижесінде Ералы Әскербек айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript