Әмина Жұмабекова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Сурет: olympic.kz
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Әмина Жұмабекова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
57 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Оңтүстік Корея спортшысы Чве Сыльбимен белдесті.
Әмина шешуші кездесуде қарсыласына жол беріп, Азиаданың күміс медаліне ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript