Дзюдошы Тоғжан Төлебай Азия ойындарында қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Тоғжан Төлебай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы таиландтық Пиятхида Сонгчайды жеңді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript