Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Софья Сподаренко, суға жүзу, Ислам ынтымақтастық ойындары, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 22:54 Сурет: ҚР ҰОК
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастық ойындарында Софья Сподаренко 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.

Айта кетсек, Қазақстан қоржынына ауыр атлеттер 11 медаль салған болатын. Оның үшеуі - алтын, төртеуі - күміс және тағы төртеуі қола медаль.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: