Ислам ынтымақтастығы ойындары: Ирина Казюлина әйелдер күресінен үшінші орын алды
Сурет: olympic.kz
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Казюлина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрымды балуанымыз 68 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Ирина Камерун спортшысы Ндиффо Алмейданы жеңді.
Айта кетсек, семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript