Қазақстан таеквондошысы Таиландтағы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан Бангкокта (Таиланд) өткен Grand Prix Challenge сериясының ірі турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жарыста ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Самирхон Абабакиров көрсетті. Ол 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, оңтүстіккореялық Мун Хон Джинге жол берді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық таеквондошы испаниялық Висента Юнтадан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, осы салмақта Дамир Шуленов пен Аманбол Бегімбетов те сынға түсті. Алайда екеуі де жүлдесіз қалды.
Бұған дейін хоккейден Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі тартысты додада Азия чемпионы атағын қорғап қалғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript