19 жасар өзбекстандық әлемдік шахмат тарихында із қалдырды

19 жасар өзбекстандық әлемдік шахмат тарихында із қалдырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 13:55 Сурет: Instagram/fide_chess
Өзбекстандық Джавохир Синдаров 26 қарашада Үндістанда өткен шахматтан Әлем Кубогының тарихында ең жас жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жастағы шахматшы турнирдің финалында қытайлық Вэй И-ді 2,5:1,5 есебімен жеңді. Осылайша "күмісті" қытайлық спортшы иеленсе, 2025 жылғы Әлем Кубогының "қоласы" ресейлік Андрей Есипенкоға бұйырды.

"Ең жас жеңімпаз" атағын Синдаровқа дейін Армения өкілі Левон Арониан иеленген болатын. Ол 2025 жылы 23 жасында жеңімпаз атанды.

Жас жеңімпазды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзииевтің өзі құттықтады.


Бұған дейін Грекияда 2026 жылғы Олимпиада алауы жағылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: