Australian Open 2026 турниріне жолдама: Зарина Дияс өз жеңісіне қатысты пікір білдірді

Зарина Дияс, Australian Open 2026, жолдама, AO Wild Card Play-Off, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2025 14:56 Сурет: Зарина Диястың жеке мұрағатынан алынды
Белгілі қазақстандық теннисші Зарина Дияс AO Wild card Play-Off турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зарина Дияс Чэнду қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен өзара бақ сынасты. Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді. Осылайша, Зарина 2026 жылғы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды. 

"Бұл - сәт ең қиын күндерден кейін әрқашан өміріңізге жарық түсетіндігінің дәлелі. Ментальды тұрғыда жүріп өткен қиын жолдан кейін O Wild card Play-Off жеңісі менің күшімді айшықтай көрсетті. Мен өз тағдырыма ризамын және осындай жолды басып өткенімді мақтан тұтамын". Зарина Дияс

Бұған дейін үстел теннисінен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев 1/16 финалда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: