Қазақстан спортшысы каратэден Әлем чемпионатының финалына шықты
Сурет: olympic.kz
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Берульцева 68 келіден жоғары салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Ұлыбритания өкілі Рошель Уолтерсты жеңді.
Отандасымыз шешуші бәсекеде германиялық Йоханна Кнерпен кездеседі.
Ал қола медаль үшін Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) сынға түседі.
Бұған дейін Миланда конькимен жүгіруден өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан спортшысы екі алтын медаль еншілегенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript