Мерген Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Аталған бағдарламада Никита Шахторин екінші орынды иеленді.
Сондай-ақ жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр қашықтықтан жылдам ату сайысында екінші нәтиже көрсетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript