София Шульженко әлем және Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

София Шульженко әлем және Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 20:52 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

София Шульженко әйелдер арасында өткен жекелей сайыста 50 метрге үш қалыпта ату бағдарламасында топ жарды.

Үндістандық Дахия Аакрити жарыста екінші орын алса, оның отандасы Моудгил Анджум жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сонымен қатар әйелдер құрамасы дәл осы бағдарлама бойынша командалық сайысқа қатысты. Нәтижесінде отандастарымыз бірінші орынды иеленді. Үндістан құрамасы екінші орын алса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: