Азия чемпионаты: Нысана көздеуден Қазақстан қоржыны бес медальмен толықты

Нысана көздеу, Қазақстан, бес медаль, Азия чемпионаты, Үндістан, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 22:11 Сурет: ҚР ҰОК
Қазіргі таңда нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы қазірге дейін аталған жарыста бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атуда күміс жүлдеге ие болды. 

Сондай-ақ отандастарымыз пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атудан командалық сайыста екінші орын алды. Құрама сапында Никита Шахторин, Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев өнер көрсетті.

Одан бөлек, Қазақстан құрамасы ерлер арасында пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атуда қола медальға ие болды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

Сонымен қатар ерлер құрамасы шағын калибрлі тапашадан 25 метрге оқ атуда үшінші орынға жайғасты. Бұл жолы команда сапында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков өнер көрсетті.

Әйелдер құрамасы да пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атуда қола медальға ие болды. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Елизавета Безрукова, София Шульженко, Арина Малиновская көтерілді.

Бұған дейін қазақстандық биатлоншылар Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында аралас эстафетаға қатысқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: