Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР ҰОК
Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Сонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.
Бұған дейін Александрa Скороходова тау шаңғысынан Германияда өткен FIS турнирінде үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript