Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін манбасын аяқтауы мүмкін
Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек қазақстандық боксшының допинг-тесттен өте алмауына байланысты тоқтатылған болатын. Бүгінде оның алдағы спорттық болашағына қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Жұмабек Өмірзақов sportarena.kz сайтына берген сұхбатында Жәнібектің жағдайына нақты баға берді.
Допинг сынамасы WBO және IBF чемпионының ағзасынан мельдоний анықтаған. Бұл – жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсартатын, 2016 жылдан бері тыйым салынған препарат.
Бұрынғы жаттықтырушы Назым Қызайбай да енді Әлімханұлы үшін ірі жекпе-жектерге жол жабылуы мүмкін екенін айтты.
"Мен білмеймін, бұл ойға өзі келді ме, әлде командасынан біреу айтты ма, немесе бір жерден естіді ме – айту қиын. Өйткені ол Ларамен 12 раундтық жекпе-жек болатынын түсінді. Ал Ларамен 12 раунд жұдырықтасу үшін мықты кардио керек. Жәнібек бұл қашықтықты толық өтпейтінін білді. Эрисланди – кубалық бокс мектебінің өкілі, 42 жасында да жылдамдығы бар, ең бастысы – тәжірибесі мол. Сол себепті ол мельдоний қабылдаған болуы мүмкін. Енді онымен ешкім жекпе-жекке шыққысы келмейді. Менің ойымша, ол өзіне өзі үкім шығарды", – деді Жұмабек Өмірзақов.
Ал "Қазақ стилі" лақап атымен танымал Жәнібек пен оның командасы бұл жаңалыққа күтпеген түрде жауап беріп, препараттың боксшы ағзасына қалай түскенін білмейтіндерін мәлімдеді.
Бұған дейін допинг-тесттен өтпей қалған Жәнібек Әлімханұлының мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript