Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
Сурет: olympic.kz
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен - Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын), делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Кирилл Проходов - 26-орын, Никита Жулинский - 42, Александр Федотов - 46, Кирилл Павлов - 64, Вадим Шарлаимов - 85, Эльмир Әлімжанов - 118, Алексей Касаткин - 161, Ерлік Сертай - 180-орын алды.
Командалық жарыста Қазақстан 13-орынға тұрақтады.
Бұған дейін "Қайрат" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript