50 жастағы гимнастика аңызы 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр
Сурет: Instagram/oksana2016
1992 жылғы Олимпиада чемпионы, 50 жастағы Өзбекстанның атақты гимнасы Оксана Чусовитина 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеуден өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2028 жылғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте өтеді.
"Биыл Джакартадағы әлем чемпионатына баруды жоспарламадым. Төрт снарядтың бәріне жаңа бағдарлама дайындау үшін үзіліс алғым келді. Қазір тек жаттығуға көңіл бөлгім келеді, жарыстарға алаңдағым келмейді. 2027–2028 жылдары тыныш дайындалып, Олимпиадаға іріктеуден өтуді мақсат етіп отырмын", – деп жазды Чусовитинаның сөзін ТАСС басылымы.
Чусовитина – тарихтағы сегіз Олимпиадаға қатысқан жалғыз гимнаст (1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020).
Ол 1992 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ ол үш дүркін әлем чемпионы, Еуропа және Азия ойындарының жеңімпазы. Спорттық мансабында ол КСРО, Германия және Өзбекстан құрамалары атынан өнер көрсеткен.
Бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының Хорватиядағы турнирде үшінші орын алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript