Астана Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңін қабылдайды

Астана Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңін қабылдайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 22:08 Сурет: olympic.kz
13-14 желтоқсан күндері Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды.

13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді (барлығы 15 салмақ дәрежесі). 14 желтоқсан күні үшінші және бірінші орындар үшін кездесулер жоспарланған.

Турнир Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.

Жарыстың басталу уақыты:

13 желтоқсанда спғат 11:30-да, 14 желтоқсанда сағат 12:00-де.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: