Бублик 2026 жылғы алғашқы жарысын қайда бастайды

Бублик 2026 жылғы алғашқы жарысын қайда бастайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2025 16:42 Сурет: Instagram/atptour
2026 жылғы 5-11 қаңтарда өтетін Гонконг ATP 250 турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик осы жарысқа қатысады.

Бұл Бубликтің 2026 жылдағы бірінші жарысы болмақ.

Гонконгте сондай-ақ италиялық теннисші, әлемнің 8-ракеткасы Лоренцо Музетти, ресейліктер, рейтингіде 16-сатыдағы Андрей Рублев, Карен Хачанов (18-орын) және басқа да теннисшілер өнер көрсетеді.

Осы кезде Аустралияда ерлер арасында Брисбен ATP 250 турнирі де өтеді.

Айта кетейік, биыл Бублик Галле (Германия), Гштаад (Швейцария), Кицбюэль (Аустрия) және Ханчжоу (Қытай) жарыстарында чемпион атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: