Семсерлесуден Гран-при турнирі: Қазақстан құрамасы сапында кімдер өнер көрсететіні белгілі болды

Қылышпен семсерлесуден Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комиетінің мәліметінше, ауқымды халықаралық жарыста еліміздің намысын үш спортшы қорғайды. Атап айтқанда олар:
- Артём Саркисян,
- Бақдәулет Құралбекұлы,
- Қуаныш Ерғашбай.
Айта кетерлігі, құрамның соңғы нұсқасында өзгерістер болуы мүмкін.
Гран-при турнирі 2–4 мамыр аралығында өтеді.
Бұған дейін спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі анықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript