Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына кім қатысады: шарттары белгілі болды

Волейболдан Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына кім қатысады: шарттары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 11:59 Сурет: Instagram/volleyfederationkz
Қазақстан волейбол федерациясы (ҚВФ) Орталық Азия елдерінің Чемпиондар лигасына қазақстандық клубтардың қатысу тәртібін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚВФ әйелдер арасындағы клубтық командаларға арналған Орталық Азия Чемпиондар лигасына қатысу ережелері туралы клубтарға ресми ақпарат жолдады.

Бұл шешім турнирдің өткізілу мерзімдерінің өзгеруіне, сондай-ақ қатысуға өтінім беру уақытының шектеулі болуына байланысты қабылданған. Айта кетейік, өтінім қабылдау мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айының соңына дейін.

ҚВФ-ның ресми хатына сәйкес, аталған халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының намысын қорғау құқығы 2025 жылғы Қазақстан Кубогының жеңімпазына беріледі.

Егер Кубок иегері жарысқа қатысудан бас тартқан жағдайда, бұл құқық 2025 жылғы Қазақстан Кубогының жүлдегер клубтарына (алған орындарына қарай) кезекпен беріледі. Қатысудың міндетті шарты – қаржылық кепілдіктің расталуы.

Қазақстан әйелдер Кубогының финалдық кезеңі 22 желтоқсанда басталды. Турнирге қатысатын 8 команда екі топқа бөлініп өнер көрсетуде. Ал жарыстың финалы 28 желтоқсанға жоспарланған.

Бұған дейін әлемдік рейтингтегі спортшының Қазақстан чемпионатында жеңіліп қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: