Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы: скиатлонда кімдер топ жарды

Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 22:10 Сурет: olympic.kz
Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир аясында скиатлон бойынша жеңімпаздар анықталды. Қатысушылар 10 шақырымды классикалық стильде және 10 шақырымды еркін стильде жүріп өтуі керек еді.

Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Наиль Башмаков екінші орынға табан тіреді. Владислав Ковалев үшінші орынға ие болды.

Әйелдер жарысында Надежда Степашкина жеңіске жетті. Ксения Шалыгина күміс медальға ие болды. Ангелина Шурыга үшінші орынға көтерілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: