Қазақстандық Аян Тұрсын чемпиондық титул үшін жапониялық спортшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық Аян Тұрсын чемпиондық титул үшін жапониялық спортшымен жекпе-жек өткізеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 11:30 Сурет: Instagram/ayantursyn1
Қазақстандық спортшы Аян Тұрсын америкалық аралас жекпе-жек промоушені - Cage Fury Fighting Championships ұйымында чемпиондық атақты жеңіп алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның қарсыласы – әзірге жеңіліс көрмеген жапониялық Арица Мацуда. Ол соңғы жекпе-жегін Road to UFC жобасында жеңіспен аяқтаған. Алдағы жекпе-жек туралы аңдатпаны Аян Тұрсын өзінің Instagram парақшасында жариялады. Кездесу 6 ақпанда Филадельфия қаласында өтетін CFFC 150 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Сурет: Instagram/ayantursyn1

Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі (strawweight) бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

31 жастағы Аян Тұрсын үшін бұл CFFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол Octagon және Dala Fighting Championship лигаларында өнер көрсеткен.

CFFC ұйымындағы ең жеңіл салмақ дәрежесі дәстүрлі түрде UFC-ге жол ашатын баспалдақ саналады. Себебі бұл дивизионның бұған дейінгі үш чемпионы кейін әлемдегі ең ірі промоушенмен келісімшарт жасау үшін өз белбеулерінен бас тартқан.

"Алдағы жекпе-жекте жеңіске жету Аян Тұрсын үшін де дәл осындай мүмкіндікке жол ашуы мүмкін", – деп есептейді қазақстандық жанкүйерлер.

Бұған дейін Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогының алғашқы нәтижелері жария болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: