Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтты

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2026 16:14 Сурет: instagram/sadriddin_____soq
Қазақстандық бірінші орта салмақтағы боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0-1, 13 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

Жеңілмеген Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) ақпан айында АҚШ-та жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

"Ақпанда кездескенше", - деп жазды Солдат Q Instagram желісінде.

Әзірше Садриддин қарсыласының атын атаған жоқ.

Еске салайық, 2025 жылғы 22 қарашада Ахмедов мексикалық боксшысы Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 КО) Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасуды жоспарлаған, алайда ол жекпе-жек өтпей қалды.

Қазақстандық боксшының кейінгі айқасы 2025 жылғы сәуірде өтіп, күтпеген жерден тең нәтижемен аяқталған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: