World Boxing нұсқасы бойынша Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова "Жылдың үздік боксшылары" атанды

World Boxing нұсқасы бойынша Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова "Жылдың үздік боксшылары" атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2025 09:40 Сурет: olympic.kz
"World Boxing" халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында бұл номинацияда Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды. Ол жанкүйерлер тарапынан ең көп дауыс жинады.

Әйелдер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша Наталья Богданова жыл үздігі деп танылды.

Сондай-ақ Астанада өткен Әлем кубогының ширек финалындағы Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джуд арасындағы кездесу жылдың ең үздік жекпе-жегі ретінде таңдалды.

Айта кетейік, дауыс беру Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Әрбір «лүпіл» бір дауысқа тең болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: