Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы жарыстың жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2025 17:38 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Асылжан Арыстанбекова Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Әлемнің 1293-ракеткасы А.Арыстанбекова ширек финалда рейтингіде 1103-орындағы марокколық Диае Эль-Жардиге қарсы келді.

Қарсыласының рейтингіде жоғары тұрғанына қарамастан, Асылжан айқын басымдылық танытты. Тіпті бірінші партияда бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0. Екінші сетте де қарқынын бәсеңдетпеді — 6:2.

Асылжан Арыстанбекова финалға шығу үшін рейтингіде 1262-сатыдағы румыниялық, 16 жастағы Сара Виктория Баланмен таласады.

Асылжан отандасы Іңкәр Дүйсебаймен бірге жұптық сында да жартылай финалға шықты. Енді қазақстандық дуэт марокколық Диае Эль-Жарди — румыниялық Мария Сара Попаны жеңсе, финалға жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: