"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Рубен Амориммен "қош айтысты"

Рубен Аморим, Манчестер Юнайтед, бас бапкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 17:36 Сурет: Instagram/manchesterunited
40 жастағы португалдық маман Рубен Аморим Англияда аты аңызға айналған "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты 5 қаңтарда клубтың баспасөз қызметі таратты. Аморимнің орнына бас жаттықтырушы лауазымын Даррен Флетчер уақытша орындайтын болды.

Ол команданы 8 қаңтарға жоспарланған АПЛ аясындағы "Бернлимен" болатын матчқа дайындайды.

"Біздің клуб АПЛ кестесінде алтыншы орында тұр. Клуб басшылығы құлықсыз шешім қабылдады, дегенмен өзгеріс жасайтын уақыт келді. Бұл командаға чемпионаттағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге жақсы мүмкіндік береді. Біз Рубенге клубқа қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және оған болашақта көп жақсылық тілейміз". "МЮ-дің" мәлімдемесі

Аморим 2024 жылдың қарашасында Англияның ең титулды клубының тізгінін өз қолына алды. Сол маусымда оның басшылығымен Юнайтед УЕФА Еуропа Лигасының финалына дейін жетіп, Тоттенхэмнен (0:1) жеңілді.

Манкуниандықтарды басқарған португалдық 63 матч өткізді (25 - жеңіс, 15 - тең ойын және 23 жеңіліс).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: