Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілді
Сурет: ktf.kz
Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақын тұр. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай 60-тан 31-ге, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға жайғасты.
Нұрланұлы, Жалғасбай, Тазабеков 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Заңғар онда 8-ракетка ретінде тіркелген.
Аустралия ашық чемпионатына дейін үш жас қазақстандық теннисші сол елдегі ITF J300 TRARALGON турнирінде ойнайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript