Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері ұлттық құрама басшылығына тағайындалды

Нұржан Насанов, бокс, ұлттық құрама, бас бапкер, Санжар Тәшкенбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2026 16:00 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты. Бір жарымға жылға жуық бас бапкер болған Қайрат Сәтжановтың орнына бұған дейін оның көмекшісі болып келген Нұржан Насанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұржан Насанов 1975 жылы дүниеге келген, екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері болып табылады. Ол 2024 жылдан бері ұлттық құрамада жүр.

Ал Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен кеткен.

Нұржан Насановтың жетекшілігімен биыл ұлттық құрама Азия чемпионатына және Азия ойындарына қатысады деп күтіледі.

Бұған дейін Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: