Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы футзал матчында жаппай төбелес болды

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы футзал матчында жаппай төбелес болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2026 16:30 Сурет: видео скрині
Қазақстандық жасөспірім футзал командалары жаппай төбелесті. Оқиға Қостанай облысындағы Рудный қаласында өткен турнир кезінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төбелес Рудныйда өткен балалар командалары арасындағы футзал турнирінде болған.

Futsalkazakhstan паблигінің мәліметінше, жанжал Қазақстан чемпионатының U-15 жас санатындағы "Бәйтерек" (Орал) пен "БЖСМ-2" (Жаңаөзен) командалары арасындағы матч кезінде шыққан.

"Шешуші ысқырықтан кейін жеңілген Жаңаөзен командасының ойыншылары футзалда әлсіз екенін емес, жерде жатқан қарсыласын тепкілеуде "мықты" екенін дәлелдеуден басқа жол таппады. Бұл сорақылыққа тиісті бағаны қауымдастық (мүмкін, полиция да) береді деп сенеміз, ал аталған команда жарыстардан шеттетілуі мүмкін. Жерде жатқан ойыншыларды ұруға белсенді қатысқандарға айтарымыз: сендер команданы, бапкержі және ата-аналарыңды ұятқа қалдырдыңдар. Ақ қалпақ киген, артынан ұрған аса белсенді жігітке айтар сұрағымыз бар: өзің шапалақ жегенде неге қарымта қайтармадың, неге бұғып қалдың? Сондағы батылдығың қайда кетті?" - делінген видеода.

Еске салайық, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: