Италияның футбол чемпионатында чемпион мен маусым көшбасшысы өзара күш сынасты

Италияның футбол чемпионатында чемпион мен маусым көшбасшысы өзара күш сынасты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 15:40 Сурет: Instagram/inter
11 қаңтарда Италияда А Сериясының 20-туры аясында аса тартысты кездесу өтті. Турнир кестесінде көш бастап тұрған "Интер" өз алаңында елдің қазіргі чемпионы – "Наполиді" қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атақты "Сан-Сиро" стадионына жиналған жанкүйерлер екі алып клубтың жоғары деңгейдегі ойынын тамашалады. Алайда бұл кездесуде жеңімпаз анықталмай, матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Ойын жергілікті жанкүйерлер үшін сәтті басталды: "Интер" қорғаушысы Федерико Димарко 9-минутта есеп ашты. Көп ұзамай Скотт Мактоминей таразы басын теңестірді.

Екінші таймда Хакан Чалханоглу пенальтиді дәл орындап, "Интерді" қайтадан алға шығарды. Дегенмен кездесудің аяқталуына тоғыз минут қалғанда Мактоминей тағы бір гол соғып, есепті теңестірді.

Ұпай жоғалтқанына қарамастан, "Интер" 43 ұпаймен турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Одан кейін "Милан" (40 ұпай) және "Наполи" (39 ұпай) орналасқан.

Бұған дейін Ислам Чесноковтың Шотландия чемпионатындағы дебютін "Хартс" сапындағы жеңіспен бастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: