Лондонда өтетін "Арсенал" – "Қайрат" матчының билеттері сатылымға шықты

Лондонда өтетін "Арсенал" – "Қайрат" матчының билеттері сатылымға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 19:40 Сурет: Zakon.kz
Алматылық "Қайрат" футбол клубы мен "Арсенал" ағылшын клубының арасындағы матчқа билеттердің сатылымға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы екі клубтың ойыны 28 қаңтар күні жергілікті уақытпен 20:00-де (Астана уақытымен 01:00) Лондондағы Emirates Stadium стадионында өтеді. Қонақ секторының билеттері Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшаларында сатылып жатыр. Онлайн билет сату сервисі билет қайтарылмайтынын ескертерді.

Билеттерді қайтаруға және айырбастауға болмайды. Сатып алған кезде төлемді растайтын электрондық хат жіберіледі. Негізгі билет матчқа бір күн қалғанда мобильді телефон арқылы ашылатын сілтеме ретінде жіберіледі. Билеттерді тексеру (валидация) NFC технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Сатып алардан бұрын мобильді құрылғыңыздың NFC технологиясын қолдайтынына көз жеткізіңіз.

Матчқа билеттерді сату 15 қаңтар күні сағат 18:00-де басталды. Билет бағасы 36 мың теңгеден басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: