Қазақстан үстел теннисінен Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды

Үстел теннисі: Қазақстан Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 18:42 Сурет: olympic.kz
Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды.

Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық спортшылар Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды.

Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (Қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Қасым Пэе Ю-Ханмен (Қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: