Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: ерлер арасында өтетін жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: ерлер арасында өтетін жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2026 22:40 Сурет: olympic.kz
22 қаңтарда Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы жарыс күні ерлер арасында жекелей сайыс өтеді.

Қазақстан құрамасынан жарысқа үш спортшы қатысады. Ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғайды.

Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогы кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғысы болмақ. Бұған дейін Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстанның олимпиадалық құрамасына енген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: