Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 22:41 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушылары Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында ел намысын қорғады. Ритмикалық биден кейін қазақстандық жұп 12-орында тұрған еді.

Еркін бағдарламада 84,95 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Датиев пен Наурызова 137,34 ұпай жинап, жалпы есепте 12-орынды иеленді.

АҚШ өкілдері Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (202,86 ұпай) жарыста жеңіске жетті. Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс (АҚШ) 194,72 ұпаймен күміс жүлде еншіледі. Қола медаль Уна Браун мен Гейдж Браунға (АҚШ) бұйырды - 190,78 ұпай.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: