Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымында ойнайды

Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 22:05 Сурет: ktf.kz
Юлия Путинцева Australian Open – 2026 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымдағы матчта түркиялық Зейнеп Сөнмезді (WTA рейтингінде 112-орын) 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңді.

Юлия Путинцева енді Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында Ива Йовичпен (АҚШ) кездеседі.

Бұл - қазақстандық спортшының Мельбурн корттарындағы ең үздік нәтижесі. Ол бұған дейін 2016, 2020, 2021 және 2025 жылдары үшінші айналымнан әрі аспаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: