Қазақстанның бірінші ракеткасы AusOpen-2026 турнирінде неліктен жеңіліп қалғанын түсіндіріп берді
Сурет: Instagram/hkto.mens
Әлемнің 10-шы ракеткасы Александр Бублик Мельбурндағы (Австралия) 1/8 ойынында неліктен жеңіліп қалғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 қаңтар күні теннисші әлемнің алтыншы ракеткасы Алекс де Минормен кортқа шыққан еді. Онда австралиялық спортшы отандасымызды үш сетте де айқын басымдықпен жеңді – 6:4, 6:1, 6:1.
"Бүгін шынымен шаршадым", – деп жазды қазақстандық желідегі жазбасында.
Айта кетсек, қазіргі сәтте Елена Рыбакинадан басқа Australian Open-2026 турнирінің жекелей сынында Қазақстан теннисінің өкілі қалмады.
25 қаңтарға қараған түні 18 жастағы америкалық Ива Йович Юлия Путинцеваны ойсырата жеңді — 6:0, 6:1. Бұған дейін Зарина Дияс, Александр Шевченко және Дмитрий Попко да өз матчтарында жеңіліс тапқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript