Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады

Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 18:20 Сурет: olympic.kz
28 қаңтарда Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан ашық Еуропа чемпионаты басталды. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпионаттың алғашқы күні ерлер мен әйелдер арасында жекелей сайыс өтеді. Ерлер арасында Кирилл Бауэр, Никита Акимов, Александр Мухин, Вадим Куралес, Иван Дарьин және Егор Гребенщиков бақ сынайды. Жарыс Астана уақытымен 14:20-да басталады.

Ал 18:30-да басталатын әйелдер арасындағы сайысқа Кристина Титиевская, Арина Крюкова және Мария Польдяева қатысады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының нәтижелері IBU кубогының жалпы есебіне кіреді. Турнир 1 ақпанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: