Қазақстандық биатлоншылар Еуропа чемпионаты аясында өткен жекелей сайыста өнер көрсетті

Қазақстандық биатлоншылар Еуропа чемпионаты аясында өткен жекелей сайыста өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 23:10 Сурет: olympic.kz
Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан Еуропа чемпионаты аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының спортшысы Вадим Куралес ең үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт ату кезеңінде бір-ақ рет мүлт кетіп, 47-ші болып мәреге жетті.

Басқа отандастарымыздың көрсеткіштері төмендегідей:

  • Александр Мухин (4 мүлт кетті) - 51-орын;
  • Никита Акимов (2 рет мүлт кетті) - 52-орын;
  • Кирилл Бауэр (4 мүлт кетті) - 74-орын;
  • Егор Гребенщиков (2 мүлт кетті) - 94-орын;
  • Иван Дарьин (5 мүлт кетті) - 99-орын.

Франция спортшысы Антонен Гигонна жарыста жеңіске жетті. Күміс жүлде норвегиялық Исак Фрейге бұйырса, қола медальді тағы бір Франция өкілі Валентин Лежен иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: