Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде екі күміс медальге ие болды

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде екі күміс медальге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 20:56 Сурет: United world wrestling
Қазіргі таңда Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде еншіледі.

55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалға дейін жетіп, ресейлік балуан Александра Скиренкоға жол берді. Осылайша бұрымды балуанымыз жарысты екінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова ақтық сында Светлана Липатовамен (Ресей) кездесті. Белдесуде ресейлік балуан басымдық танытып, жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына тағы бір жүлде салды.

Айта кетейік, жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: