Дастан Сәтпаевпен бірге "Қайрат" командасы жаңа маусымға дайындыққа кірісіп кетті

Футбол, Қайрат, Түркия, Белек, оқу-жаттығу жиыны, Дастан Сәтпаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 18:40 Сурет: Telegram/fc_kairat
3 ақпанда футболдан Қазақстанның төрт дүркін жеңімпазы "Қайрат" командасы Түркияға аттанып, 20 ақпанға дейін жалғасатын қорытынды оқу-жаттығу жиынын жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қайраттың" екінші жиынын Белекте өтеді. Алматылық команда сапына көптен бері денсаулығына байланысты болмай келген 17 жастағы Дастан Сәтпаев оралады.

Жас шабуылшыдан бөлек, "Қайраттың" бас бапкері Түркиядағы жиынға тағы 25 футболшыны шақырды.

Сурет: Instagram/f.c.kairat

Жаңа маусымға дайындық аясында бірнеше бақылау матчы болады. Ойындардың күні мен қарсылас туралы ақпарат жақында жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: