WTA Рыбакинаның AusOpen-2026 турниріндегі тағы бір жоғары жетістігін мойындады

WTA Рыбакинаның AusOpen-2026 турниріндегі тағы бір жоғары жетістігін мойындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 18:27 Сурет: instagram.com/lenarybakina
Өткен демалыс күндері Мельбурнде теннистен Аустралияның ашық чемпионаты аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша басты қаһармандардың бірі қазақстандық Елена Рыбакина болды. Ол әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) мәліметінше, әлемнің үшінші ракеткасы бұл турнирде эйстердің көптігімен ерекшеленіп, бұл көрсеткіш оның қарсыластарына қарсы ең қуатты қаруына айналған.

Рыбакина AusOpen-2026 матчтары кезінде 47 эйс орындады — бұл бір матчқа шаққанда орта есеппен жетеуге жуық. Осылайша ол Турдағы осы номинация бойынша көшбасшы мәртебесін нығайтты. Қазақстандық теннисшіден кейінгі орындарда Арина Соболенко (27), Ван Синьюй (27), Линда Носкова (24) және Алисия Паркс (23) тұр.

Ерлер арасында Аустралия турнирінде эйстер саны бойынша көшбасшы деп Германия өкілі Александр Зверев танылды. Оның еншісінде 97 эйс бар. Топ-5 қатарына сондай-ақ Янник Синнер (91), Тейлор Фриц (79), Бен Шелтон (71) және Райлли Опелка (60) енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: