Шпагашы Руслан Құрбанов Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің алтын медалін жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының шпагамен семсерлесу шебері Руслан Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының шпагамен семсерлесу шебері Руслан Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.
1/32 финалда қазақстандық спортшы командаласы Эльмир Әлімжановты 15:14 есебімен ұтты. Одан кейін Давид Нади (Венгрия) — 15:13 және Акира Комата (Жапония) — 15:11 есебімен жеңіліс тапты.
Ширек финалда Құрбанов қазақстандық Никита Жулинскийді 12:11 есебімен тізе бүктірді. Финалға жолдама беретін кездесуде ол нидерландылық Тристан Тюленді сенімді түрде 15:9 есебімен жеңді.
Алтын медаль үшін өткен финалда Руслан Құрбанов италиялық Давиде Ди Веролиді 15:14 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды.
Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені Тристан Тюлен (Нидерланд) мен Мохамед Эльсайед (Мысыр) иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript