Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты
Сурет: olympic.kz
Астанада теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогы аясында Монако командасына қарсы кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың екінші күнін Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев бастап, олар Роман Арнеодо / Уго Нис жұбына қарсы кортқа шықты.
Кездесу қорытындысы бойынша қарсылас жұп жеңіске жетті. Ойын 7:6, 6:7, 6:7 есебімен аяқталды. Осылайша Монако құрамасы алға шығып, жалпы есеп 2:1 болды.
Келесі болып Қазақстан құрамасы сапынан Александр Бублик өнер көрсетеді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Валантен Вашроға қарсы ойнайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript