2026 жылғы Олимпиада: биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды

Биатлон, Владислав Киреев, із кесу жарысы, жолдама, 2026 жылғы Олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 19:33 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында биатлоннан ерлер арасындағы спринт жарысы аяқталды. Қатысушылар 10 шақырым қашықтықты еңсеріп, екі ату айлағынан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жарыста Қазақстан құрамасынан екі спортшы бақ сынады.

Владислав Киреев екі рет нысанадан мүлт кетіп, 51-орынға тұрақтаса, Әсет Дүйсенов те екі қателік жіберіп, 61-орында мәре сызығын кесті.

Айта кетейік, Киреев спринт қорытындысы бойынша үздік 60 биатлоншының қатарына еніп, із кесу жарысына жолдама алды.

Франция өкілі Кентен Фийон Майе Олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлде норвегиялық Ветле Шостад Кристиансенге бұйырса, қола медальді тағы бір норвегиялық Стурла Легрейд иеленді.

Бұған дейін норвег шаңғышысы Клебо сегізінші алтын медальды қоржынына салып, қысқы Олимпиада ойындарының рекордын жаңғыртқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: