Бублик Роттердамдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Бублик Роттердамдағы турнирдің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 06:02 Сурет: instagram.com/tennistv
Нидерландтағы Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің 1/4 финалдық кездесуі аяқталды. Бұл матчта қазақстандық теннисші Александр Бублик испаниялық Хауме Муньярмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик тартысты өткен ойында үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:4, 6:7 (4:7), 7:6 (7:3).

Кездесу екі сағат 45 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші матч барысында 10 эйс жасап, 7 рет қос қателікке жол берді. Ал испаниялық спортшының еншісінде 8 эйс және 1 қос қателік бар.

Бұл – Александрдың биылғы маусымдағы 11-жеңісі. Келесі кезеңде ол Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина қатарынан екінші рет финалға шыққанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: