Тарихи "алтынды" қоржынға салған Шайдоровтың орындауындағы бағдарламаның толық видеосы жарияланды

Михаил Шайдоров, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 17:54 Сурет: olympic.kz/Сали Сабиров
Бүгін, 2026 жылғы 14 ақпанда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында тарихи "алтынды" жеңіп алып, сенсация жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ерлер командасы көшбасшысының "алтын" алуына сеп өнерінің видеосын Qazsport телеарнасы жариялады.

2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров 92,94 ұпаймен бесінші болып келе жатты.

Ал еркін бағдарламада қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 198,64 ұпай жинап, жалпы есепте 291,58 ұпайға қол жеткізді. Бұл бағдарламада ол бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындады.

Осы нәтижесінің арқасында Михаил Шайдоров жеңіс тұғырының биігіне көтеріліп, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма иеленді - 280,06 ұпай. Шун Сато (Жапония) үздік үштікті түйіндеді - 274.90 ұпай.

Шайдоров Миланда Димаш Құдайбергеннің композициясы аясында өнер көрсетті.

Айта кетсек, Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында осымен екінші алтын медальға қол жеткізді. Біріншісін 1994 жылы Владимир Смирнов тарту етті. Шайдоровтың "алтыны" мәнерлеп сырғанаудан алынған Қазақстан үшін біріншісі болып табылады. Бұған дейін Денис Тен 2014 жылы қола медаль иеленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: