Головкин Бакуде өткен турнирде қазақстандық спортшыға қолдау білдіріп, сыйлыққа әзербайжан кілемін алды
Сурет: Instagram/bekzat_kapashov
15 ақпанда World Boxing және Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Әзірбайжан астанасында өткен спорттық шараға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің Instagram парақшасындағы ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Баку қаласында әлемдік грэпплинг үшін тарихи оқиға болды – мұнда алғаш рет AIGA UWW турнирі өтті. Ашылу салтанатында Головкин құттықтау сөз сөйлеп, одан кейін өзге де құрметті қонақтармен бірге елдің символы саналатын әзербайжан кілеміне ие болды.

Сурет: Instagram/altynbekova_20
Бұл сәттің фотосын Сабина Алтынбекова өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Сондай-ақ Головкин қазақстандық спортшы Бекзат Капасовтың белдесуін тамашалады. Бекзат турнир қожайынына қарсы кездесуде жеңіске жетті.
Бекзаттан бөлек, аталған жарысқа Қазақстанның өзге де спортшылары қатысқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript